М.Егізбаев: Мектеп медицинасын жетілдіру денсаулық бұрышында дұрыс тамақтануды насихаттаумен ғана шектелмейді

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, мектеп медицинасын жетілдіру денсаулық бұрышында дұрыс тамақтануды насихаттаумен ғана шектелмейді. Мұнан бөлек, жасөспірімдер арасында көз сырқаттары, омыртқалардың қисаюы, майтабан аурулары жиі көп. Сонымен қатар, омыртқа мәселесін болдырмауда оқушыларды дұрыс отыруға үйрететін, дене шынықтыру жаттығуларын күнделікті жасауға дағдыландыратын, олармен күнделікті қарым-қатынас жасайтын мұғалімдердің көмегі аса қажет екенін айта кеткен жөн. Ал, майтабанды анықтап, алды алуға көмектесетін плоскостоп аппараты жыл соңына дейін аудан, қалалардағы емханалардың бәріне сатып алып берілетін болады. Орналасқан аумақтарына қарай жергілікті емханалардың қызметкерлері болып табылатын мектептегі медкабинет мамандары аталған аппаратттың көмегімен жасспірімдерді тексеріден өткізетін болады.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясы барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері мен мектеп оқушылары дұрыс тамақтануды насихаттап, ол туралы бейнеролик көрсеткенін де айта кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*