Тамара Дүйсенова, Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының жұмысымен танысты

Кешеден бері ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапармен жүр. Осыған орай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да, үкімет мүшесі ретінде Шымкентке келген болатын. Министр ханым, ұшақтан түскен бойда Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққ әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің табалдырығын аттады. Өйткені, мұнда бүгінде псхоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 32 бала ем қабылдап жатыр. Аңғарғанымыз Тамара Дүйсенованы нақ сол мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы толғандырады екен. Себебі, ол орталықтағы сенсорлық кабинетке бас сұғып, қол созып, саусақтарын қимылдатып, ойыншықтар мен суреттердегі түрлі-түстерді ажыратып, атауға жарап қалған балаларды көріп қатты қуанды. Мамандардың айтуынша, балалар мұнда алғаш келгенде жағдайлары мүлде мүшкіл болған екен.Айта кету керек, «Халыққ әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ем алып жатқа 10 баланың псхоневрологиялық ауытқулары болса, қалған 22-нің тірек-қимыл аппараты бұзылған. Ондағы мамандар емделушілерді жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөліпті. Орталықта сенсорлық кабинеттен бөлек, тренажорлық кабинет, массаж кабинеті, бактеориялогикалық ванна бөлмесі,7 жатын бөлмесі бар. онымен қатар, 7 жатын бөлмесі бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*