Болатбек Тілеубердиев: Төл 9 дыбысты таңбалаған жағдайда біз дүниежүзілік латынға кіре алмай қаламыз

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетте «Латын әрпіне көшу-уақыт талабы» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Шараға жазушы, драматург Мархабат Байғұт, филология ғылымдарының докторы Болатбек Тілеубердиев секілді тіл мамандары қатысты. Айта кетейік, қазірде латын графикасына көшу бойынша бізде екі ұсыныс болып отыр. Оның біріншісі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 26 алфавиті. Ал, екіншісі Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институның ғалымдары өзіміздің төл сөздерге жеке-жеке тоқталып, жоғарғы жағына таңбалық белгілерді қойсақ деген ұсынысы. Десе де, алғашқысы ҚР Парламенті мәжілісінде қаралған болатын. Бұл жобаны М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің филология факултетінің деканы Болатбек Тілеубердиев те қолдап отыр.«Латын әрпіне қатысты екіұшты пікірлер болып жатыр. Дегенмен негізгі алғашқы пікірге тоқталуымыз керек. Себебі, біз өзіміздің төл дыбыстарымызды жеке-жеке алып, 9 дыбысты таңбалаған жағдайда біз дүниежүзілік латынға кіре алмай қалатын жағдайымыз бар. Ал, дүниежүзінде латында өзіміздің төл дыбыстан басқасы таңбаланған, белгіленген. 25-26 таңбаға тоқталып отырмыз» дейді ол.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*