ҚР Премьер-Министрі ОҚО-да туризм мәселелерін талқылады

Шараға мемлекеттік органдардың, ОҚО әкімдігінің басшылары, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, салалық қауымдастықтардың өкілдері, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде туризмді дамыту тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды. ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Үкіметінің елімізде кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарып жатқан шаралары туралы баяндады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыспен қамту және ішкі көші-қонды ынталандыру шаралары туралы баяндамасымен таныстырды. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру туралы есебін ұсынды. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туристік саланы дамытудың келешегі мен қазіргі сын-тегеуріндері тақырыбында сөз қозғады.

Кеңес аясында «ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығының президенті Гүлмира Ахбердиева, БҰҰ көші-қон агенттігі ұйымының Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Деян Кесерович, СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған, Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы Серік Жанәлиев сөз сөйледі.

Сондай-ақ, кеңес қатысушылары «Ұлы Жібек жолында» бірыңғай туристік жобаны іске асыру келешегі және еңбекке жұмылдыру мәселелері туралы пікір алмасты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*