Б.Сағынтаеав Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарын көріп қайтты

ОҚО-ға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында болып, өндірісті жаңғыртудың бірінші кезеңінің нәтижелерімен танысты. Бұл жөнінде PrimeMinister.kz сайты хабарлады.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев МӨЗ-ді аралау барысында зауытты жаңғыртудың бірінші кезеңінің нәтижелерімен танысып, кәсіпорынның шағын изомеризациялау технологиялық процесі (мұнайдың төменгі октанды фракцияларынан тауарлық бензиннің жоғарғы октанды компоненттерін алу) жүретін әрі К-4, К-5 (Еуро4, Еуро5) стандарттарына жауап беретін бензин шығарылатын өндірістік ғимараттардың бірінде болып қайтты.   Шымкент МӨЗ-ді жаңғырту жұмыстары 2011 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында бастау алды және ол 2 кезеңнен тұрады. 2017 жылдың жазында жаңғыртудың І кезеңі аяқталды. Кәсіпорында шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар, жеңіл бензин фракцияларын изомеризациялау қондырғысы орнатылды. Күкірт шығару қондырғысы пайдалануға берілді, дизельдік отынды гидротазалау қондырғысы реконструкцияланды. Зауыт кезеңді аяқтаған соң, К4 және К5 экологиялық тобының дизельдік отыны мен жоғарғы октанды бензинді өндіре алады. Жаңғыртудың екінші кезеңі 2018 жылы аяқталуы тиіс.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*