Шымкентте еліміздегі жанармадың 30 пайызы өндіріледі

Бүгінде Шымкент мұнай өңдеу зауыты үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары шығаратын мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің 30%-ын шығарып отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанның оңтүстік өңірінде республиканың халық тығыз орналасқан бөлігінде орналасқан жалғыз мұнай өңдеу зауыты болып саналады. Яғни, қолайлы географиялық орналасқан жері мен жоғары технологиялық мүмкіндіктерін ескеретін болсақ, кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтарға өнім жеткізу мүмкіндігі зор.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты қуаттылығы 5,25 млн тоннаны немесе жылына шамамен 40,65 млн баррель мұнайды құрайды. Зауыттың мұнай өнімдерінің сұрыптамасы бензиннің түрлі сұрыптарынан (Аи-80, Аи-92, Аи-96), дизельдік отыннан, авиациялық керосиннен, төмендетілген газдан, вакуумдық газойльдан, мазут пен күкірттен тұрады. Сонымен қатар, қазіргі таңда Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру жолында жұмыстар атқарып жатыр. Мұнда жаңа индустрияларды құрумен қатар, дәстүрлі базалық салалардың, соның ішінде мұнай-газ секторының дамуына қарқын беру көзделген. Үкімет бүгінде бизнеспен бірлесіп, базалық салаларды 2025 жылға дейін технологиялық қайта жарақтандыру бойынша кешенді шараларды жоспарлаумен айналысуда.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*