Үкімет басшысы ОҚО-дағы ішкі және сыртқы нарықты игерген кәсіпорындармен танысты (видео)

Оңтүстікке жұмыс сапары аясында Р Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймағының бірқатар нысандарын аралады. Нақтырағы олардың ішінде шыны ыдыс шығаратын «ЕуроКристалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен керамикалық гранит өндіретін «Зерде Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестішгі бар. Сонымен қатар, Үкімет басшысы  өндіріске жаңғырту жұмыстарын жүргізу келешегімен танысты. Бұл туралы PrimeMinister.kz сайты хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев бірінші кезекте «ЕуроКристалл» өндірістік ғимаратында болды, онда шыны ыдыс шығарудың технологиялық процесімен және дайын өнім түрлерімен танысты. «ЕуроКристалл» ЖШС — өңірдегі шыны құтылар мен бөтелкелер шығаратын алғашқы зауыт. Кәсіпорын жұмысының арқасында аталған өнімдердің импорты едәуір алмастырылады, себебі зауыт жылына 60 млн дана өнімін тек ішкі нарыққа ғана жеткізеді.   Бұдан кейін, ҚР Премьер-Министрі керамикалық гранит шығаратын «Зерде Керамика» ЖШС кәсіпорнында болды. Айта кеткен жөн, бұл Қазақстандағы керамикалық гранит өндіретін жалғыз зауыт. Ол ел қажеттілігінің жалпы көлемінің 40%-ын толықтырады. Одан өзге, зауыт өнімдерінің бір бөлігін шекаралас елдерге экспорттайды.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*