«Оңтүстік» индустриалды аймағында 58 миллиардтан астам теңгенің жобалары жүзеге асырылған

Жалпы 2010 жылдан бастап қызмет көрсететін «Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы сомасы 55,8 млрд теңгеге, 5 000 жұмыс орны ашылатын 85 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 21,4 млрд теңге сомасында, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылған 46 жоба жүзеге асырылыған деп жазады primeminister.kz сайты.

Сондай-ақ, қазіргі таңда облыстың аудандары мен қалаларында өзге де индустриалды аймақтарды құру жұмыстары жалғастырылып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 9 аймақ пайдалануға берілген, олардың жалпы ауданы 699 га-ды құрайды. Жалпы, облыстың барлық индустриалды аймақтарында сомасы 167 млрд теңге болатын, 10 мың жұмыс орны ашылатын 173 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Индустриалды аймақтың инвесторларға дайын инфрақұрылым, нарық құнынан төменгі бағада жерді сатып алу немесе жалға алу мүмкіндігін, ыңғайлы логистикалық жүйе, табиғи монополиялар қызметтеріне төмендетілген тарифтер мен жобаларды сүйемелдеуді ұсынатынын айта кету керек.

Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардың қызмет етуі елімізде шикізаттық өндірістен сапалы, қайта өңделген өнімдерді шығаруға көшуге және шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға  қолайлы жағдайлар жасайды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*