ҚР Премьер Министрі Түркістанда болды

Бақытжан Сағынтаев Түркістанның бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында болып қайтты, солардың ішінде Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де бар. Онда университет ректоры Уәлихан Әбдібеков Премьер-Министрге оқу орнының инфрақұрылымын таныстырып, ЖОО-ның дамуы мен осында қолданылатын білім беру бағдарламалары туралы баяндады. Бұл жөнінде primeminister.kz хабарлады.

Бүгінде ХҚТУ-де 1 000-нан астам оқытушы жұмыс істеп, 105 мамандық бойынша шамамен 9 000 студент, соның ішінде 700-ден астам шетелдіктер білім алуда. Мұнда арнайы университеттік қалашық тұрғызылған.

Бұдан кейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған «Отырар» шағын ауданына барды. Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Бақытжан Сағынтаевқа салынып біркен үйлердің біріндегі тұрғын үйдің сапасын көрсетіп, қаланы дамытудың перспективалық инфрақұрылымдық жоспарымен таныстырды. Онымен қоса, әкім Премьер-Министрге «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат берді.

Күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарын Шымкент қаласында жалғастырады, онда бірқатар кеңестер өткізіп, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралайды.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*