Шымкентте қала күні мерекесі аталып өтілуде

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады. Алаңға жинаған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген іс-шараны қала және өңіріміздің тұрғындары тамашалады. Айта кету керек, мерекелік әр шеру әр тақырыпқа арналды.Бұдан кейінгі іс-шара атшабарда өтті. Мұнда аламан бәйгесі ұйымдастырылды. Облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің мұрындық болуымен өткен бәйгеге осы мектептің өңіріміздің аудан-қалаларынан келген жас шәкірттері қатысты. 16 шақырымға созылған бәйге жеңімпаздарын облыс әкімі Жансейін Түймебаев марапаттап, жүлделерін табыс етті. Айта кетейік, аламан бәйгенің жеңімпазы атанған шабандоз Смайл Жеңіске бас жүлдеге тігілген «Нива» автокөлігі тарту етілсе, екінші орын алған Жасұлан Тұрғанбаевқа – 450 мың теңге, ал үшінші орын иегері Алик Нұрмаханбетовқа 300 мың теңге ақшалай жүлденің сертификаты табыс етілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*