Тұңғыш рет Отырар ауданы əкімдігі қолға алған анимациялық фильмдер ел алғысына бөленуде

Киелі, тарихи мекенді балаларға арналған туындылармен насихаттауды тұңғыш рет Отырар ауданы əкімдігі қолға алды. Тарихи жазбалар мен түрлі аңыз-əңгімелер, көне Отырардың мəңгілік бейнесі күні бүгінге дейін əдеби туындылар жəне кино саласы арқылы ұрпақ жадында сақталса, құнды деректер шоғыры бүлдіршіндер тілінде де жинақталды.

суреттер rgmedia.kz алынды

Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы жəне Отырардың отты ұлы Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай тарту етілген «Көне құмыраның сыры», «Отырар дастаны» анимациялық фильмі ежелгі қаланың ерекше тарихи жолын танытады.
М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасы аясында жасалған анимациялық фильмде
алты ай бойы Отырар қамалын ала алмаған Шыңғыс хан мен оның əскері, сатқындық пен жанқиярлық іс-əрекеттер, қарияның даналығы мен даралығы сынды көптеген оқиғалар 10 минут аясында бейнеленген. Фильмнің ерекшелігі мен құндылығы кейіпкерлер емес, бастан-аяқ Отырардың тумасы, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасы оқылуымен көрсетіледі. Мəтінді əнші, актер Марат Оразметов оқып, əрбір сəтке рухты тебіреністер сыйлайды. Шығарма кейіпкерлері Шыңғыс хан, Шыңғыс ханның ұлы Шағатай, Отырар ханы,ақылды, ойшыл Қадырхан (Қайырхан) жəне сатқын Қараша (Қарашоқы) мен сатқынның әкесі, ақылды, данышпан қария толғауы түпсіз ел өткенін қызықты əрі шытырман мəнмен бейнелеп, көрермен көзайымына айналды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*