ОҚО-да бүлдіршіндер «Көне құмыраның сыры»,»Отырар дастаны» тарихи анимациялық фильмдерімен сусындауда

Оңтүстік Қазақстан облысында көне Отырар қаласының тарихы жайлы қос бірде мульфильм түсірілді. Отырар ауданының тапсырысы бойынша түсірілген анимациялық фильмдерді бүгінде  балалар ыждахатпен тамашалап жүр. Ал, «Көне құмыраның сыры» (Отырарды қорғау) 10 минуттық анимациялық фильмінде екі кішкене қыздың жасырынбақ ойнап жүріп тауып алған көне құмырасы жəне Отырар тарихы сыр шертеді. Қасиетті Отырардың топырағы мен нағыз хас шебердің қолынан шыққан тарихи жәдігерге тіл бітіру арқылы қос қызды шахардың өткеніне серуендетіп, көне қаланың тарихымен таныстыру, Шыңғыс хан мен оның баласының Отырарды ала алмай жатқан сəттері фильмде айрықша көрініс тапқан. Қос фильмнің де құндылығы осында. Балаларға көрсетілім қуанышын сыйлай отырып, өткенін ұғыну, мұра қадірін сезіну, жəдігер жайын білу, болашаққа патриоттық сезіммен қарауға тəрбиелеу мазмұнды фильмнің басты нысанасы болып табылады.

«Аталған фильмдерді жарыққа шығару тарих үшін де ерекше қолтаңба ретінде қаланды. Оған себеп, «Отырар дастаны» анимациялық фильмінде кейіпкерлердің дастан оқылымы аясында сөзсіз қимыл жасауы, туындылар ішінде ерекше жоба болғаны анық. Тарихи, киелі мекендерді осындай дүниелер арқылы насихаттау ұрпақтың өткеніне деген сауаты молайып, ұғынуына септігі мол. Фильм жарыққа шыққан соң көптеген көрермен алғыстарын білдіріп жатыр»-дейді, «САҚ» киностудиясында жасалған анимациялық фильмдердің режиссері — Батырхан Дəуренбеков.

Жуырда ғана Шымкент қаласындағы Отырар ауданы күндерінде «Шəмші əлемі» гүлзарында өткен «Туған жер- алтын бесігім» облыстық өнер фестивалі аясында тұсауы кесіліп, ең алғашқы көрсетілімі өткен қос фильм жұртшылықтың айрықша ықыласына бөленсе, қазіргі таңда, кішкене бүлдіршіндер мол мұралы тарихпен сусындауда.
Өнер мен тарихқа бай киелі өңірдің тасқа қашалған қағидалы өткен ғұмыры, мəнді көрсетілімдері аудан əкімдігінің арнайы тапсырысымен алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*