Кентаулықтар «Туған жер – алтын бесігім»облыстық фестивалі аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрменкесін жасады

«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалінде Кентау қаласы күнінің басталуына орай, ашылу салтанатында – арнайы қойылымда бос жатқан қара жерге кеншілер келіп, қаланың жасыл желекке айналуы жөнінде көрсетіледі. Жергілікті композитор Ерғали Шырынбековтің фестивальдің өтуіне орай арнайы шығарылған «Туған жер» әні алғаш рет орындалады.Кентау қаласы өнімдері және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қалаға қарасты 4 ауылдың ауылшаруашылық өнімдері мен қаладағы жеке кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылып отыр. Кентау қаласынан сәбіз-500 кг, қызылша-300 кг, болгар бұрышы-300 кг, кәді (баклажан)-300 кг, қызанақ-600 кг, қияр-350 кг, алма-800кг, жүзім-200 кг, асқабақ-400 кг, қарбыз-1,5 тн, қауын-1,5 тн, картоп-500кг, пияз-500 кг, қымыз-100 л, қымыран-100л, құс еті-1,0 тн, қой еті-100 кг, сиыр еті-500кг, жылқы еті-500кг, «Жеті Жарғы сүт өнімдері»-500 кг(қаймақ, айран, сүт, сүзбе, құрт, май, т.б)  әкелінді. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін 16 шатыр тігілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*