Кентаудағы С.Бәйтереков атындағы балалар саз мектебінің «Шымқалаға шашу» атты сазды музыкалық бағдарламасын ұсынды

«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалінде Кентау қаласы күнінің басталуына орай, Сейдулла Бәйтереков атындағы балалар саз мектебінің «Шымқалаға шашу» атты сазды музыкалық бағдарламасында ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында мектеп ұжымынан құралған қазақ халықтық оркестрі Құрманғазының және халық күйлерін орындайды. Концерттік бағдарламада ҚР білім беру ісінің үздігі, композитор Ә.Қонысбековтің шертпе күйлері, өзбек халық аспаптар ансамблінің шығармалары, сонымен қатар қобызшылар мен домбырашылардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Кентау қаласының мақтанышы, әйгілі композитор Сейдулла Бәйтерековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі «Нұрсәт» мөлтекауданында өткізіледі. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің мақтанышы, сыршыл да сазды әуендерімен көптің көңілін тербеткен дара дарындардың бірі – Сейдулла Бәйтереков  — ән өлкесінде өзіндік орын алған сазгер. Оның әндері қазақ өнерінің табиғатындағы тазалықты, өршілдікті, сыршылдықты, сұлулықты паш етеді. Кентау қаласының тумасының ескерткішіне  гүл қою – әйгілі композиторға деген құрметтің белгісі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*