Жайдарманнан Кентау қаласы әкімінің кубогы ойнатылды

«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Кентау қалалық оқушылар үйі, Шымкенттегі Кентау қаласының күндеріне байланысты «Болашағымыз — балалар» тақырыбында  балаларға базарлық іс-шарасының ұйымдастырды. Шымкент қаласының бүлдіршіндеріне арнап жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес, қазақ тілінде «Сартай батыр», «Қасқыр мен жеті лақ» ертегілері, қуыршақтар биі, түрлі ойындар  мен концерттік бағдарлама  көрсетілді. Кентау қаласы әкімінің жүлдесі  үшін облыстық көңілділер мен тапқырлар  командаларының КТК ойындарына облыстың аудан, қалаларынан 16 командалар қатысты. Жеңімпаздарға Кентау қаласы әкімінің кубогымен қатар, арнайы қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

«Рапсодия» би ұжымының  ұлттық би өнерінен арнайы дайындалған концерттік бағдарламасында Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің билері орындалады. 2000 жылы құрылып, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген «Рапсодия» би ұжымы бірлікті, татулықты насихаттайтын қойылымдар, билер көрсетіп, бүгінгі таңда халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған ұжым. Жетекшісі – Бабажанова Гулчехра. «Рапсодия» сөзі парсы тілінен аударылғанда, «Жұмбақ, сиқырлы әлем» деген мағынаны білдіреді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*