ТҮРКІСТАНДА «МҰРАЖАЙ МҰРАҒАТЫ ТІЛ ҚАТСА…» ФОТО КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Түркістандағы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде «Мұражай мұрағаты тіл қатса…» тақырыбындағы фотокөрме көрерменге жол тартты. Айта кету керек, көрме Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи мәдени құндылықтарды дәріптеу аясында ұйымдастырылып отыр.
Сонымен қатар, көрме экспозициясына музей мұрағатынан 40-тан астам фотосуреттер мен музейдің баспа өнімдері көпшілік назарына ұсынылып отыр. Бүгінгі күні 300-ге жуық көрермен  құнды дүниелермен танысып үлгерді десек болады.Айта кету керек,«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейдің құрылғаннан бергі 39 жылдық тарихынан сыр шертетін тарихи фотолар көрермен көзайымына айналып отыр.
Қазірде қорық-музейдің негізін қалаушы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков есімімен байланысты.
Сонымен қатар, көрмеде 1978 жылы қорық-музейдің ашылу салтанатынан бірегей фотосуреттер, қоғам қайраткері Д.Қонаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген сəттері, мекеменің тыныс- тіршілігі, өткен түрлі мəдени шаралардың көріністері орын алған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*