Кентауда қарттарға сый-сияпаттар жасалды

Қарттар күніне орай Кентау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ОҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының » №5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мекемесіндегі қариялардың хал жағдайларын сұрап, мерекелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, Кентау қаласының «Қала күніменде» қаладағы бірқатар жасы үлкен қарттарымыздың шаңырақтарында болып азық-түліктей сыйлықтар жасап, көңілдерін көтерді.БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады.
Сондықтан да қарттар күні — аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл — жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*