ОҚО-да мамандар жастарға ерте жүктіліктің алдын-алу жөнінде айтып берді

Оңтүстік Қазақстане облысында «Жастар ресурстық орталығынын» ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ерте жүктілікті және аутодеструктивті мінез құлық және қалыпты емес дағдарыстың алдын-алу мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 1- курс студент қыздарымен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде кездесу болып өтті.Кездесуге шаһардағы №5 Шымкент қалалық емханасынан акушер-гинеколог дәрігері Ж.Арапбаева мен психолог маман Г.Шаукенбаева қатысып, ерте жүктіліктің негізгі проблемасы неден пайда болатынын психологиялық тұрғыда түсіндіріп өткенін айта кету керек. Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу» бөлімінің маманы М.Умирзакова: тәрбие жұмысы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға дайын, мықты әрі орнықты психикасы, ынтымақтастыққа және мәдениет аралық әркеттесуге қабілетті, өзінің және елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар үйлесімді адам қалыптастыруға бағдарлануы керек екені туралы да айтып өтіп кетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*