Отырарда өткен қала жастарының ауылдағы күндері: сайыс жеңімпаздары марапатталды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашалық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өзара сынға түсті.
Алғашқы күні жастар ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, тарихи орындарын араласа, екінші күні топ-топқа бөлініп, сайысқа түсті.
Жобада ер жігіттер мал сойып, атты ерттеп, отын жарып, самаурын қойып, жүн қырқса, бойжеткендер таба нан пісіру, түйе сауу, күбі пісу, құрт жасау, бауырсақ пісіру секілді сындардан өтті.
Нәтижесінде жастардың бойына әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрдің қыр-сырын сіңдіріп, ата-әжелердің үлгісін көріп, батасын алды.

Дәстүрді жаңғырту мақсатында өткен жобамызға қолдау білдірген Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлына жастардың атынан алғысымызды білдіреді.
Жобаның теле бағытында түсірілген реалити-шоу нұсқасын жуырда назарларыңызға ұсынылмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*