ОҚО-да «Адалдық—парасаттың биік шыңы» атты «Адал ұрпақ» слеті өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен 2017 жылғы 29 қыркүйекте Төлеби ауданының №7 жалпы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адалдық-парасаттың биік шыңы» атты «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Шараның негізгі мақсаты-өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу. Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаментінің өкілі Г.Мұсабекова, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы, облыстық Ата-аналар кеңесінің төрағасы Ә.Бейсе, ардагер ұстаз, облыстық Ата-аналар кеңесінің мүшесі Б.Тасполатов, сонымен бірге, қала, аудандардан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері қатысты.
Шара 2016-2017 оқу жылдары әр қала, аудандағы еріктілер клубтарының атқарған жұмыстарымен басталып, әрі қарай шерулер, суреттер көрмесі және әртүрлі спорттық жарыстармен жалғасын тапты. Слет соңында жеңімпаздар марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*