Түркістандықтар мақтаны су жаңа комбайнмен теріп жатыр

Түркістан қаласы Қарашық ауылдық округіне қарасты «Тұран» шаруа қожалығы мақта өндіруді негізгі кәсіп еткен шаруашылықтардың бірі. Ақ алтынға қарасты қандай да бір жаңашыл техникаларды алғаш осы қожалықтан көруге болады. Соның бірі мақта маусымына орай жуырда әкелінген JOHN DEERE-9970 комбайны.
«Бұл комбайнның өзгелерінен ерекшелігі мақтаны өте таза әрі ысырапсыз теретіндігі. Тәулігіне 20 гектар теру бұл техникаға бұйым емес. Сонымен қатар мақтаның ашылмай қалған түйнектерін сол күйінде қалдырып кетеді. Яғни босқа түсіріп кетпейді. Кейінірек ашылғаннан соң қайта теруге мүмкіндік бар»,- дейді қожалық басшысының орынбасары С.Мараимов. Сонымен қатар ол маусымдық жұмыста мақтаны жинауда Ж.Ирисметов, А.Ташполатов, А.Маматаев және С.Ирисметов сынды комбайнның құлағында ойнайтын механизаторлар еңбектерінің де мол екендігін тілге тиек етеді.
Шаруашылық басшылығының айтуынша ақ алтындары теріліп біткеннен кейін комбайнды өзге көршілес ауылдар мақтасына да апару көзделіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*