Түркістан ұстаздар күні аталып өтілді

«Еңбек күні» қарсаңында Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Бекарыс Шойбеков, «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алмасбек Темірбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Зуппархан Чалданов, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбаева, қалалық Әйелдер кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова, қалалық Славян және Түрік этно-мәдени орталықтарының жетекшілері Александра Пудовкина мен Яша Идрисов, ардагер ұстаздар, Түркістан қаласының Құрметті азаматтары Таскүл Махмутова, Роза Шарафиева, Ергеш Диметовтер де сөз алып, мереке иелеріне жылы лебіздерін білдірді.

Бүгінде Түркістан өңірінде, оның ішінде білім саласында белсенді қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан абыройлы ақсақалдарымыз, көнекөз қарияларымыз, абыз ардагерлеріміз мереке қарсаңында бір марқайып қалатыны жасырын емес. Кезінде қолдарына қалам алып, бар ғұмырын шәкірт жолында сарп еткен ұлағатты ұстаздардың өлшеулі еңбектері қашанда ұшан-теңіз құрметке лайық. Осы мақсатта «Ұстаздар» диаспорасы да марапаттан тыс қалмады. Оларға қаржылай сияпаттар көрсетілді. Сонымен қатар, көп балалы аналар, зейнет жасына жетіп құрметті зейнеткерлікке шығып отырған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да сый-сияпатқа ие болды. Жас мамандарға да еңбек кітапшасы тарту етіліп, көптің қошеметіне бөленді.
«Еңбек адамының ынтасын арттырып, мәртебесін өсіретін мерекенің аға буын мен жастардың арасында үлкен мектеп тәрізді мәні бар. Өткенді таразылап, болашаққа бағдар жасап, нық қадам басу жолында бейнетінің зейнетін көріп отырған қазыналы қарттарымыздың өнегесі мол»-дейді Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбайқызы. Мерекелік кеште әдемі әндер әуелеп, балабақша бүлдіршіндерінің өнерлері көрсетілді. Кеш соңында барлық жиынға қатысушыларға заттай сыйлықтар табыстылып, құрмет арта түсті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*