ОҚО әкімі өңіріміздің үздік ұстаздарын марапаттады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.«Ұстаздар кәсіби мерекесі – бүкіл халықтық мереке. Әлемдегі әр адамға білім беріп, мамандық таңдаумен қатар өмір жолына бағыт  беретін – Ұстаз. Ендеше, төл мерекелеріңіз  құтты болсын, құрметті ұстаздар! Елбасымыз атап өткендей, қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережесінің біріншісі — ұлттық код пен ұлттық мәдениеттің сақталып, рухани жаңғыруды іске асыруда ұстаздардың рөлі бірінші кезекте тұрғаны анық. Бала жүрегіне жол таба білетін, рухани азық беретін де —  ұстаз. Тек нағыз ұстаз ғана егемен елге лайықты ұрпақ тәрбиелей алады. Бұған облыс ұстаздарының бүгінгі таңдағы шынайы еңбектері дәлел. Ұстаздарымыздың еңбек жолы — әрдайым жастарымыз үшін өшпес үлгі!» — деді Ж.Түймебаев.

Бұдан кейін облыс әкімі ұстаздармен тақырыптық әңгіме, сұрақ-жауап, жаңартылған білім бағдарламасы мен тәжірибе алмасу сынды тақырыптарда сұхбаттасты. Ардагер ұстаздар да өз пікірлерін білдіріп, аймақ басшысының құттықтауына алғыс білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*