ОҚО халқы республикада алғаш болып электронды денсаулық паспортына қол жеткізбек

Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіліп жатыр. Бұл жүйені іске асыру үшін үлкен мөлшерде, яғни 8582 компьютерлік техника сатып алынып, жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары компьютермен 100 пайыз жабдықталатын болады. Яғни, мамандар медициналық ұйымдардан науқас туралы электронды ақпарат алмасу үшін бірыңғай сервер арқылы байланысады. Ол ақпарат автоматты түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққа түсіп отыратынын айта кету керек.

         Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев облыстық №4 перинаталды орталықтың жұмысымен танысқан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев бастаған жұмысшы топқа мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жүйе қолданысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медицина ұйымдары арасында бостан-бос жүруі едәуір қысқаратын болады. Сонымен қатар, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып электронды денсаулық паспорттарына қол жеткізетінін де айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*