ОҚО-да электронды ақпараттық құрылғымен жабдықталған жедел жәрдем көліктері пайда болмақ

Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе  әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретінін айта кету керек.  Бүгін бұл туралы қаладағы №4 облыстық перинаталды орталығындаҚазақстан республикасының Премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев  бастаған жұмысшы топ алдында баяндама жасаған  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев мәлім етті.

Сонымен қатар, облыстың медициналық ұйымдарын кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезеңге сәйкес, жыл басынан бері облыстың 35 амбулаториялық-емханалық ұйымында медициналық ақпараттық жүйе орнатылған.  Екінші кезеңге сәйкес жылдың соңына дейін 68 медициналық ұйымда медициналық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*