Ордабасыда қос мереке аталып өтті

Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі мен Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті. «Байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамыз, қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Бүгінге дейін Қазақстан — елімізді мекендейтін этностардың тілі мен мәдениеттерін дамытуға жағдай жасап келген бірден-бір мемлекет. Бұл әлемдік тәжірибеде өте сирек кездесетін құбылыс. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болары сөзсіз», — деді өзінің құттықтау сөзінде Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов. 

Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуақасов еліміздегі латын әліпбиіне ауысуға қатысты реформаның маңыздылығына тоқтала келе, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі, еңбек ардагері Гайдар Дәнешұлы, Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Тазабек Ахметов, Славян ұлттық орталығының өкілі Ксения Серинькова сөз алып, көпшілікке жүрекжарды тілектерін арнады. Мерекелік шара аясында түрлі сала үздіктері мен тіл жанашырлары марапатталып, құрметке бөленді. Жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*