ОҚО-да тауардың жаңа түрлерін экспортқа шығаруды қолға алып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы экспортқа жаңа тауар түрлерін шығаруды қолға алды. Вакуумдық түтікшелер, ортопедиялық құрал-жабдықтар мен МДФ плиталар осы өңірден шетелдерге саудаланатын болады. Жергілікті кәсіпкерлік басқармасы бұл тізімнің әлі де толыға түсетінін айтады. Дәл қазір Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Еуропа елдеріне экспортты ұлғайту мәселесі қаралып жатыр. Осыған дейін оңтүстік өңірінен экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, ендігі жерде заманауи технология қолданып өндірілетін өнім түрлері де көбейіп отыр.

Бұл тізім ортопедиялық құрал-жабдықтар, кілемдер мен жаңаша жасалған плиталар болып басталып, ары қарай жалғасып кете береді. «Көрсетілетін көмектің түрлері көп. Олардың бірі – мөлшерлемені субсидиялау. Банктың мөлшерлемесі 14-15 пайыз болатын болса, 6-8 пайызын мемлекет қайтарады деген бағдарламаға біз келесі жылы өзіміздің өтінішімізді береміз. Себебі келер жылдан бастап біздің экспорттық көлеміміз сату көлемінен 10 пайыз жоғары болады»,-деді құрылыс материалдары өндірісінің басшысы Алмас Абайделдинов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*