Шымкентте шығатын вакуумдық түтікшелер Еуропада саудалануда

Қазіргі таңда, Шымкенттен шығарылатын вакуумдық түтікшелер Еуропада саудаланады. Бұл қазір өңірге таңсықтау экспорт болып отыр. «ЭкоФарм Интернешнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Гүлия Жүзенованың айтуынша, мұндай түтікшелерді жасап шығару оңай шаруа емес. Жуық арада отандық өнім Ресей мен Өзбекстанның дәріханалары мен лабораторияларында сатыла бастайды. Бұл  ТМД елдерінің арасында жоқ зауыт. Оңтүстік Кореяның технологиясымен ашылғанын айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда қондырғылардың 90 пайызы еуропалық. Бір жылда 70 млн-ға жуық вакуумдық құрылғылар шығара аламыз. Екіжақты ине 30-дан 40 млн-ға дейін шығара аламыз»,- кәсіпорын директоры Гүлия Жүзенова. Вакумдық құрал-жабдықтар мен екіжақты ине өндірісін қолға алған бұл серіктестік әзірге ТМД нарығына бірегей өнімдерін ұсына алады. Айта кетейік, тек соңғы 3 жылда өңірдің фармацевтикалық әлеуеті 2 есе артқан. Биыл тағы 5 жоба іске қосылмақ. Дегенмен, сала мамандарының айтуынша, мұндағы 836 елдімекеннің 230-да әлі де болса дәріханалардың тапшылығы сезіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*