ОҚО-да механикалық зауыттың модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталды

Биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталды. Бұл модульдер кооперативтерге қосымша кепілсіз және алдын ала төлемсіз берілетін атап өту қажет. Бекеттің 50% құны субсидия ретінде мемлекет төлейді, яғни 2,5 млн. теңгесін. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласының «Көрме» орталығында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтты.

Осы механизм арқылы бүгінге дейін 15 модульдік сүт қабылдау бекеті берілді. Алдағы уақытта, аталған зауыт базасында модульдік мал сою бекеттерін, шағын дүкендерді құрастыру қолға алынатын болады. Инновациялық бекеттер сүт сақтауға арналған танкер, арнайы зертхана, тоңазытқыштармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде шаруалардың табасын еселеп қана қоймай, өңірдегі сүт өндірісін өркендетуге сеп болмақ. Бүгінгі күні мүшелер саны 20- дан жоғары кооперативтерде 33 сүт қабылдау бекеттері жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда сүт қабылдау бекеттеріне ауыл шаруашылығы арқылы 439 млн теңге инвестициялық субсидия берілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*