ОҚО-да 2 мыңнан астам жоба қаржы ұйымы арқылы қаржыландырылды

Күні бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 6 млрд. теңгеге 2 096 жобаны қаржыландырды. Соның нәтижесінде 5 мың жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Оның ішінде 1,7 мыңы тұрақты жұмыс орны болып отыр. Аталған жобалардың 90 пайызы ауылдық елді мекендерде іске асырылып жатыр екен.

Сонымен қатар, облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ұсынылатын қолдау шаралары маңызды рөл атқарып жатыр. Яғни, бағдарлама іске асырылғаннан бері 1 322 жобаға мемлекет тарапынан 40 млрд. теңге ге қолдау көрсетілді. Ал, кредит портфелі бойынша облыс республикада екінші орында тұрғанын айта кету керек. Жалпы облыста осы жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 176 586 бірлікке жетіп, өткен жылға қарағанда өсім 105%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикадағы үлесі — 15,2% құрап, бірінші орынды иеленіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*