ОҚО-да биыл шағын кәсіпкерлік арқылы 960 млрд. теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өткен жылы 900 млрд. теңгеден астам өнім өндірілсе, ағымдағы жылы оның көлемі 960 млрд. теңгеге жетпек.

Яғни, орта есеппен облыста Жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 23 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Аймақта қолайлы бизнес климатты қалыптастыру және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін барынша жағдай жасалып жатқанын да айта кеткен жөн. Ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 176 586 бірлікке жетіп, өткен жылға қарағанда өсім 105%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикадағы үлесі — 15,2% құрап, бірінші орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар, облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ұсынылатын қолдау шаралары маңызды рөл атқаруда. Бағдарлама іске асырылғаннан бері 1 322 жобаға мемлекет тарапынан 40 млрд.теңгеге қолдау көрсетілді. Кредит портфелі бойынша облыс республикада екінші орында екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*