ОҚО-дағы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Шымкенттің қақ ортасында ләңгі теуіп ойнады (видео)

Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстікте бүгіндері Ұлттық спорт түрлері өскелең ұрпақ алдында кеңінен насихатталып келеді. Осы орайда, күні кеше ғана Шымкент қаласындағы «Шымкент Плаза» сауда, ойын-сауық орталығының алдында мемлекеттік қызметкерлер арасында Ұлттық спорттың асық ату, ләңгі тебу түрлерінен турнир болып өтті. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев,  қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен турнир қортындысы бойынша ләңгі тебуден 1- орынды Бәйдібек ауданы еншіледі. Ал, 2-орын Созақ ауданын келген үміткердің қанжығасында кетті. Үздік үштікті Қазығұрт ауданы түйіндеп, тартысқа толы жарысқа әдемі нүкте қойды.

Дегенмен, жарыстан тыс осы бәсеке барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев, қолына ләңгіні алып турнирге жиналғандар алдында өз өнерін көрсетті. Нәтежиесі де жаман емес. Турнирдің 1-орнын жеңіп алған Бәйдібек ауданынан келген қатысушы 42 ұпай жинаса, Әлібек Нұртаев ләңгіні әуеден жерге түсірмей дамылсыз теуіп 45 ұпайға қол жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*