ОҚО-дағы инвестициялық орталық 30 жуық кооперативті қаржыландырған

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталықтың ықпалымен осы жылы өңірде 11 кооператив құрылды. Ал жыл басынан бері 567 млн теңгеге түрлі бағыттағы 28 кооператив қаржыландырылды. Мәселен, сомасы 63 млн теңге болатын құс шаруашылығындағы екі жоба, ет пен сүтті қайта өңдеу бойынша 133 млн теңгеге он жоба, ауыл шаруашылық техникасын алу үшін 180 млн теңгеге бес жоба, 181 млн теңгеге мал шаруашылығындағы он жоба және 10 млн теңгеге өсімдік шаруашылығындағы бір жоба қаржыландырылған.

Сонымен қоса, аталған инвестициялық орталық кооперативтерге лизинг ұсыну бойынша бірқатар жеңілдіктер қарастырған. Атап айтатын болсақ, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни кепілдеме және аванстық төлем талап етілмейтін қаржыландыру механизмі жасалды. Коперативтер инвест-субсидия алу арқылы бизнесті жарты құнына құру мүмкіндігіне ие болады. Мұнан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтерді құру жұмыстарын жеңілдету және дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Сондай-ақ, кооперативтерді құру және қаржыландыру бойынша 14 ауданда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*