Шымкенттегі индустриалды аймақтардан қала бюджетіне 900 млн астам кіріс кірген

Жалпы экономиканың өркендеуінде өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамуы негізгі рөл атқарады. Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар. Олар «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялды аймағы. Олардың қала экономикасы мен бюджетіне әсері зор болып отыр.

Бүгінгі күнге дейін қала экономикасына жеке көздерден 22 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 3,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылы бұл кәсіпорындардан қала бюджетіне жеке табыс және әлеуметтік салықтардан 906,2 млн теңге кіріс түсті. Биылғы жылы 6 жобаға 8,4 млрд теңге инвестиция тарту арқылы 275 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. Айта кету қажет, бұл 2 индустриялық аймақ әлі де толық көлемде жұмыс жасап тұрған жоқ. Қазіргі таңда кезең-кезеңімен «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының» шеңберінде жаңа зауыттар іске қосылуда. Толық көлемде жұмыс жасаған жағдайда қала экономикасына 106,0 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, жалпы 7,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*