Жыл соңына дейін ОҚО-да 6000 пәтер пайдалануға берілмек

 Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 116 көпқабатты үй яғни 6000 пәтер пайдалануға беріледі. Ал, жалпы өңірде 263 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.      Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттен 108 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның  61-і  жыл соңына дейін тапсырылады. Ұлттық компаниялар есебінен 45 үйдің  43-інің құрылысы бітуге жақын. Ал, «Шымкент» ӘКК» АҚ салып жатқан  сегіз  үйдің алтауы таяу арада пайдалануға берілмек. Жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан  102 үйдің алтауының құрылысы жыл соңына дейін толық бітеді деп жоспарлануда. Ал, қалған 147  үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі.«2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 400,2 мың шаршы метр тұрғын үй яғни 3783 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 124 пайызға ұлғайып отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 115,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға орындалды»,-деді Құттыбек Жамашев.

  

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*