Қазығұрт ауданында «Отбасы» аллеясы ашылды

Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға салынған аллея құрылысы бітпей тұрып-ақ, жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерген.

Қазығұрт елді мекеніндегі Отбасы аллеясының лентасын қиған 95 жасар Ұлы Отан соғысының ардагері Иса Телікбаев ел үшін жасалып жатқан игі жұмыстарға ұйытқы болған барша азаматтарға ақ батасын берді.
Сала мамандарының айтуынша, бүгін пайдалануға берілген демалыс орнында алдын ала жоспарланған жұмыстар толығымен атқарылған.Заман талабына сай бой түзеген жаңа демалыс орнында тынығушылар үшін арнайы орындықтар мен жарықшамдар орнатылып, түрлі сәулеттік-декоративтік элементтер мүсіндер қойылған. Аллеяның айналасы абаттандырылып, көгалдандырылған. Сәндік гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылып, көгалды суландыру жүйесі тартылған. Аумағы тұтастай қоршалып, қоқыс жәшіктері орнатылған.
Отбасы аллеясының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан басшысы Төлеген Телғараев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Өрісбай Көпеев бір топ қазығұрттық тұрғындармен бірге жаңа демалыс орнын аралап, бұл маңның алдағы уақытта көпшіліктің күнделікті күйбең тірліктен бір сәт тынығатын ыңғайлы демалыс орнына айналатынын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*