ОҚО-да денсаулық сақтау саласына бюджеттен 125 миллиард теңге қаралған

Оңтүстік Қазақстанда өткен «Қазіргі кезеңдегі травматология және ортопедияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында Қазақстан және оның халқы аз қоныстанған елді мекендерге және мамандандырылған көмек көрсету орталықтарының арасындағы үлкен ара қашықтық үшін өте өзекті болып келетін травматология және ортопедияда инновациялық технологияларды енгізу және қолдану, ортопедиялық — травматологиялық көмек ұйымдастыру, жарақаттанушылықты алдын алу мәселелері бойынша пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді. Сондай — ақ, балалар ортопедиясы мен травматологиясы, ортопедиялық — травматологиялық практикадағы қателіктері және асқынулардың өзекті мәселелері де осы басқосуда талқыланды.Халықаралық дәрігерлер жиынында фармацевтикалық компаниялар қазіргі заманғы медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сондай — ақ, жетекші медициналық өндіруші фирмалар дәрілік препараттарын ұсынды.Конференция қатысушылары бүгінгі басқосу халықаралық тәжірибені үйрену, білімдермен алмасу, одан әрі конструктивті және өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін және ғылыми, іскерлік байланыстарды құру алаңы болып қызмет ететініне сенім білдіріп, тарқасты.

Үш миллионға жуық халық бар Оңтүстік Қазақстанда биыл облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 125 миллиард теңгені құраған. Соның нәтижесінде өңірдің шалғай ауылдарында да медициналық қызметтің сапасы жақсарған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай қамқорлықтың нәтижесінде бүгінде бұрын соңды болмаған күрделі оталарды Астана, Алматы қалаларында ғана емес, Шымкентте де жасау мүмкін болып отыр. Соңғы жеті жылда облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 69-дан 72-ге дейін жоғарыласа, ана мен бала өлім-жітімі соңғы бес жыл ішінде едәуір төмендеген.  

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*