ОҚО мен Иран арасындағы сауда айналымы 19 млн.АҚШ долларын құрайды

Иран Ислам мемлекеті – дамыған индустриалды-аграрлы ел, өндіріс, мұнай-газ саласы мен ауыл шаруашылығы дамыған. Едәуір экономикалық әлеуеті бар. Айта кетейік, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларын құраса, соның ішінде 19 млн АҚШ доллары Иран Ислам Республикасымен жасалған. Оңтүстіктен Иранға жаңғақ, арпа, цемент, былғары бұйымдары экспортталса, Ираннан біздің өңірге негізінен құрылыс материалдары, құбырлар, керамика бұйымдары, сантехника, тұрмыстық химия, кілем және жеміс-жидектер тасымалданады.Өз кезегінде губернатор Алиреза Рашидиан түрлі салада тығыз байланысты дамытуға дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында аймақтар арасындағы жиі импорт және экспортталатын тауарларды таңдап, солар бойынша біріккен жаңа өндіріс орнын ашу бойынша бірге жұмыс істеу туралы ұсыныс жасалды.

Иран делегациясы екі күндік іс-сапар барысында облыстың инвестициялық мүмкіндігімен танысып, «Көрме» орталығын, өңірдегі кәсіпорындарды көрді. Бұған қоса бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесіп, тарихи орындарды аралады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*