Ж. Түймебаев: Барлық халықтың ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі орасан

ОҚО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында  өткізген бас қосуда сөз алған облыс әкімі Ж. Түймебаев жер жүзіндегі барлық халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі орасан екенін айтты.Республикалық отырыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды.  Айта кету керек, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 1774 Анар кеңесі жұмыс істеуде. Кеңесте 9234 адам мүше болып табылады. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 202 Аналар кеңестері бар. 1130-дан астам мүшесі бар кеңес ажырасудың алдын алу, отбасыдағы ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мәселелер төңiрегiнде 640-тан астам iс-шара ұйымдастырып, бірқатар ауқымды бастамаларды қолға алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*