Шымкентте 3 қалалық емхана салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында «Қайтпас» шағынауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана салынуда. Бұдан басқа облыс орталығында тағы қалалық 3 емхана салынады. «Өңірде модульдік құрамалы медициналық пункт сатып алу жобасы іске қосылды. Мұның ерекшелігі бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс салуға қарағанда екі есе арзанға түседі. Бұрын мұндай құрылыс жүргізуге 2 жылдай уақыт кететін. Ал модульдік медпункті толық іске қосуға небәрі 2-ақ ай уақыт кетеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен биыл осындай 20 пункт орнатылады. 2018 жылы 67-сі пайдалануға беріледі. Осылайша облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін қысқа мерзімде 100% өтейтін боламыз», —деді М.Егізбаев.

Жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жаңғырту мақсатында Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы сенімгерлік басқаруға шетелдік компанияға берілді. Оған қосымша 6 бекет ашылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*