ОҚО әкімдігі мен Медияция кеңесі меморандумға қол қойды

Оңтүстікте өткен «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық диспут-форум, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтауды, 2011 жылы қабылданған ҚР «Медиация туралы» Заңының орындалуын саралап, алдағы міндеттерді белгілеуді, бітімгершілікке негізделген халқымыздың дәстүрлі билер тағылымымен сабақтасып жатқан бүгінгі медиация желісін дамытуды, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты пайымды парасаттылықпен іске асыруды көздейді.Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай баяндама жасады. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Әбдірайымның, ҚР Судьялар Одағының төрағасы Э.Алимбековтың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі М.Тұрсынбекованың және Шығыс Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Э.Төлеубековтың, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Байқонақовтың, Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі С.Саталиеваның, Сайрам ауданындағы кәсіби емес медиатор С.Юсановтың хабарламалары тыңдалды.

Форум аясында ҚХА жанындағы Медиация кеңесі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, ҚХА жанындағы Медиация кеңесі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*