ОҚО-да жыл басынан бері 14 мыңға жуық іс медияция тәртібімен шешілген

Айта кетерлігі, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында медиация желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында Медиация кеңесі құрылып, өңірлердегі Достық үйлерінде 17 медиация кабинеттері ашылды. Елімізде қызмет ететін 640 кәсіби, 3583 кәсіби емес медиаторлардың дерекқоры жасалды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2017 жылы арнайы пилоттық жоба қолға алынып, нәтижесінде жыл басынан бері 13974 іс медиация тәртібімен шешілді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ашылған медиация кабинетінде 600-ге жуық азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Облыстағы 4 медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатып, өңірде қызмет атқаратын 44 кәсіби, 546 кәсіби емес медиаторлардың дерекқоры түзілді. Өңірдегі медиаторлардың ықпалымен былтырғы жылы 4 мыңнан астам іс бойынша тараптар ортақ мәмілеге келсе, биылғы жылдың 8 айында 3207 іс сотқа дейінгі тәртіппен шешілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*