Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды. Нұрсәт шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады.Қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты. Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған — мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.Мұнан өзге, Тұран шағын ауданындағы 640 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» Акционерлік Қоғамының есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.

Сонай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы 263 үйдің құрылыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6000 отбасы баспаналы болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*