Сайрамда ашылған жиһаз фабрикасы жылына 600 миллион теңгеге дейін өнім шығармақ

Сайрам ауданында жаңадан іске қосылған жиһаз фабрикасы өнімнің сапасы жоғары сапалы неміс және итальяндық жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы қамтамасыз етілетінболады. Сонымен қатар,  фабрика өнімдері сапа менеджменті  мен экологиялық таза деген сертификатпен расталғанын да айта кету керек. Бұдан бөлек, өндіріс орны итальяндық дизайнерлердің қатысуымен экологиялық таза материалдарды және сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынуды көздеп отыр.Ал, «Bella Mebel» тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен сатып алуға болатынын айта кеткен жөн.Қазіргі таңда, Сайрам ауданындағы өнеркәсіп құрылымының 86 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр. Оның ішінде жиһаз шығару саласындағы үлесі 1 пайызды ғана құрап келген еді. Осы ретте,  ауданда ашылып отырған жиһаз шығаратын фабрика   өнім көлемін 600 млн.теңгеге дейін арттырып, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3 пайызға дейін артпақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*