Арыста «Ұстаз-ұлағатты есім» мерекелік кеші болып өтті

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздардың еңбегі орасан зор.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын көшелі ел, ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар аударады» — деп атап өткен болатын. Осы орайда бүгін, қалалық мәдениет үйінде егемен елдің болашағын нұрландыратын, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздардың кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.
Мерекелік іс-шараға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме және кәсіпорын басшылары, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шара барысында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, еліміздің білімді де патриот азаматтарын тәрбиелеудегі зор еңбегі үшін бірқатар ұстаздарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, облыс және қала әкімінің және облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады.
Сондай-ақ, зейнеткер, ардагер-ұстаз Ж.Достанов жас мамандарға жаңа еңбек кітапшаларын табыстап, қызметтеріне сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.
Жиын соңы мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*