ОҚО-да тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске арылымақ

Оңтүстік Қазақстан облысында  алғаш рет 16 су қоймасы салынады. Сонымен қатар, тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыс іске асырылатынын да айта кету керек. Осының арқасында 320 млн текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы жер суарылмақ. Айта кету керек, зерделеу жұмыстары жыл сайын 2 млрд текше метр судың ағып кететінін көрсетті. Осы мақсатта салынатын 16 су қоймасы ауыл шаруашылығының жаңа қарқынмен дамуына да септігін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен Тоғыс, Сасықбұлақ, Ақылбексай су қоймаларында 984,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017-2019 жылдары 11,1 млрд теңгеге 4 су қоймасында (Шардара, Таушаға, Досан-Қарабас, Бөген су қоймалары) күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтіліп отыр. Оңтүстікте жылыжай шаруашылығы да дамып келеді. Республика бойынша жылыжайдың 80%-ы біздің өңірде орналасқан. Нақты айтқанда өңіріміздегі жылыжай саны 1123-ке жетті. Олар жалпы аумағы 1250 гектар жерде орналасқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*