ОҚО-ның барлық аудан,қалаларында 2017-2018 жылдары модульді мал сою және сүт қабылдау бекеті құрылмақ

Аграрлы аймақтың шаруаларына тиімді әрі шығынды көп талап етпейтін модульді сүт қабылдау бекеті мен модульді мал сою бекеті және шалғай елді мекендерге тиімді болып келетін модульді құрамалы медициналық пункттер жобасын іске қосу қолға алынды.
— 2017-2018 ж.ж. аралығында облыстың барлық аудан, қала орталықтарында модульді мал сою бекеті мен модульді сүт қабылдау бекетін құруды жоспарлануда. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау бекеті кооперативтерге қосымша кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілді (жалпы жыл соңына дейін осындай 33 бекет беріледі). Әр бекет құнының 50 пайызын (2,5 млн теңге) субсидия ретінде мемлекет төлейді.
— Жыл соңына дейін 20 модульдік медициналық пунктер ел игіліне берілмек. Осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс салуға қарағанда екі есе арзанға түседі. Мәселен, құрылыс жүргізуге 2 жылдай уақыт кететін болса, модульдік медициналық бектерді 2 ай ішінде құрастырып, тұрғызуға мүмкіндік бар. 2018 жылы облысымызда дәл осындай құрамалы медициналық пункттердің саны 67-ге жеткізілмек. Аталған жоба толық іске асса, облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін қысқа мерзімде 100 пайызға өтеуге мүмкіндік туады.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ — мен бірлесе «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарлама іске қосып, соның аясында жалпы аумағы 45 гектар болатын «Бадам» жылыжай өнеркәсіп кешенін құрылады. «Бадам» индустриалды аймағында орналасатын жылыжайдың 70 пайызы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларымен жабдықталатын болады. Сонымен қатар, тәулігіне 1000 литр сүт өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық сүт зауытын құру». Сүт зауыты — зертхана, сүт қабылдау бөлімі, тоңазытқыш, жабдықтарды санитарлық тазарту, шағын дүкен сияқты бөлімдерден құралатын болады. Осындай жүйе негізінде тәулігіне 1000 кг. шұжық өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық шұжық цехын құру» жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске қосылатын дәрежеге жеткізіліп, «дайын бизнес» ретінде кәсіпкерге лизинг етіп ұсынылатын болады. Жоғарыда аталған модульді бекеттердің барлығын Шымкент қаласындағы механикалық зауытында жасалып, құрастырлатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*