ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде

Бүгінде заман талабына сай қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы нүктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отырғанын айта кеткен жөн. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын беріп жатыр.«Елбасының әрбір реформасы ел үшін де, өскелең ұрпақ үшінде маңызды болып келген. Бұл реттегі көтеріп отырған мәселе біз, ұстаздар үшін өте үлкен жауапкершілік деп білемін. Себебі жаңа қаріпті тек педагог мамандар ғана емес, оқушылар да жетік мегеріп алып кетуі қажет. Сондықтан алда жауапаты кезең тосып тұр. Оған біздің өңір толықтай дайын деп айта алар едім»,-дейді Шымкент қалалық Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

«Ақордада ұсынылған жаңа әліпбидің жобасын бүгін мектебіміздің қабырғасында ұстаздар қауымына таныстырдым. Әріптестерім жаңадан ұсынылған әліпбидің ыңғайлығы мен алдыңғы үлгімен салыстарғанда жетілдетілгенін айтып өтті. Оның ішінде, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны қуантты. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үш тілде білім беріп келе жатқан біздің мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бүгінде 200-ден астам оқушы бар. Жаңа латын қаріпі біздің шәкірттер үшін өзге тілді жетік меңгеруге жол ашады деп сенеміз. Республикадағы үздік жүздіктер қатарынан көрінген білім ұясы үшін бұл жауапты кезеңде педагогтар мен оқушылар еш қиындықсыз игеріп кетеріне кәміл сенемін» дейді Түлкібас ауданы, «Дарын» мектеп-интернатының директоры Фарида Пірәлиева.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*