ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Мақтааралға барды

ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехын аралап көріп, жұмысшылардың ахуалымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, оңтүстік тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етеді. Амангелді Сүттібаевтың басшылығындағы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған.Мұнан соң облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 1997 жылы құрылған шаруа қожалықта  92,2 гектар жер бар.  2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылын еккен. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі «Бағдат» шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адамды жұмыспен қамтып отырған қожалықтың иелігінде 30-ға жуық техника бар.

Жалпы биыл Мақтарал ауданында 94 мың гектарға мақта дақылы егілген. Оның  бүгінде 63 мыңнан астам гектарындағы жиым-терім жұмыстары аяқталуға жақын.  Шаруалар гектарына орташа есеппен 20 центнерден өнім алып отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*