ОҚО-да есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны мыңнан асады

Оңтүстік Қазақстан облысында есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны 1281. Мұнан бөлек ескі сәулеттік ескерткіштер 218, археологиялық ескерткіштер 1063 құрап отыр. Сонымен қатар, өңірде бұдан басқа да зерттелмегендері баршылық екен. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында мәлімдеді.«Неғұрлым тарихымызды қадірлесек,  неғұрлым барымызды бағалап, сақтасақ, біз соғұрлым әлемде, дүниеде сыйлы боламыз. Халық есебінде! Өйткені, өзінің өткенін ескермейтін, бағаламайтын халықты өзінің ұрпағы да бағаламайды және оны өзге мемлекеттер де қадірлемейді» деді.Сондай-ақ, оңтүстікте Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Оқсыз, Сауран, Сидақ, Мәртөбе, Ханқорған, Күлтөбе секілді қалашықтар көп. Барлығы да біздің еліміздің мақтанышы. Аталмыш қалашықтарды қайта қалпына келтіріп, музейге айналдыру үшін қыруар жұмыс жасалмақ. Осыған байланысты өңірде жұмыс тобы құрылғанын айта кету керек. Оның ішінде белгілі ғалымдар, археологтар, архитекторлар барлығы да бар. Атап айтар болсақ, Әлкей Марғұлан атындағы археология институның директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Байтанаев Бауыржан Әбішұлы, сәулет бюро диреторы Бақытжан Әшірбаев та бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*